Елордада қайтыс болған жұмысшыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қайтыс болған жұмысшыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

25.07.2024

Елордада басына кірпіш құлап, қайтыс болған жұмысшыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қайғылы жағдай 19 шілде күні болған. Енді құрылыс компаниясы қауіпсіздік ережесін сақтамағаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Өндірістегі оқыс оқиғалар саны жыл сайын өсіп келеді.

2021 жылы ел бойынша 2133 жағдай тіркелсе, 2022 жылы 2449 болған. Былтыр бұл сан 2670-ке жетті. Өндірістегі ең көп оқыс оқиға Қарағанды облысында тіркелді. Одан кейін Ұлытау мен Шығыс Қазақстан облыстары. Ал биыл жыл басталғалы өндіріс орындарында 700 адам жарақаттанып, оның 90-ы қаза болған.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу