Отардағы 19 жастағы қостанайлық сарбаз есін жиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отардағы 19 жастағы қостанайлық сарбаз есін жиды

26.07.2024

Отардағы әскери бөлімнен ауруханаға түскен 19 жастағы қостанайлық сарбаз есін жиды. Жағдайы оңалып келеді. Мұны оның анасы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, қатардағы жауынгер Нұржігіт Әбділпат 9 мамырда Жамбыл облысындағы Отарға әскери борышын өтеуге барған. Алайда, 23 күннен кейін аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Бұл оқиғадан кейін ата-анасы Президентке видео үндеу жолдаған. Мемлекет басшысы құзырлы орган өкілдеріне бұл оқиғаны егжей-тегжейлі тексеруді тапсырған болатын. Осыдан кейін күдікке ілінген кіші сержантқа қатысты іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу