Ақмола облысында тасқыннан зардап шеккендерге 331 үй салынып жатыр. Алды тамызда беріледі. Жылдың аяғына дейін толықтай аяқтауда жоспарда бар. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, құрылыс барысын тексерді. Жапа шеккен қараша қазаннан қалмай жаңа үйге қоныстандыру қажет.
Тасқын кезінде облыста 1200-ден астам үйді су шайып кеткен. 552 үй тұруға жарамсыз деп танылды. Ал қираған нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына Өнеркәсіп және құрылыс министрі тікелей жауапты. Қанат Шарлапаев атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көріп, тексеріп қайтты.
Министр алда суық күндер келе жатқанын ескертіп, мердігерлер мен аудан әкімдеріне құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды. Әрі инженерлік желілерді, жол және әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіруді жүктеді.
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
Екі аптадан кейін осы жерге тағы келемін. Қазір бүкіл Қазақстанда осындай құрылыс жүргізіп жатырмыз. Ең алдымен басты проблема - құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету. Одан кейін мобилизация.
Тасқын су өңір тұрғындарын қып-қызыл шығынға батырды. Капитоновка ауылында 25 үйге су кірген. Қазір апатты деп танылған 15 баспананың орнына жаңа үйлер салынып жатыр.
Гүлнар Қалиуллина, Капитоновка ауылының тұрғыны:
Менің үйім судың астында қалды да, ешқандай ештеңе, ремонтқа, ештеңеге жарамайды. Бір қабырғасы құлап қалды ішіне қарай. Енді маған осы жерден үй салып жатыр. Үлкен-үлкен рақмет бәріне. Осы бізді +түсініп, бәрін істеп жатқанына.
Апаттан әсіресе Атбасар тұрғындары көп зардап шекті.
Айя Мүтәлі, Тілші:
Су тасқыны кезінде дәл осы Атбасарда 200-ден астам үй қирап, тұруға жарамсыз болып қалған. Қазір зардап шеккен отбасылар үшін мына үш көпқабатты үй салынып жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай, нысан құрылысы аяқталуға жақын. 1 тамыздан бастап пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Жаңа пәтерлер алдымен бұған дейінгі тасқыннан жапа шеккендерге беріледі.
Аманбек Қалжанов, Атбасар ауданының әкімі:
2017 жылы ағысқа кеткен үйлер бар, 204 үйді көшіруіміз керек. Соған байланысты міне, 200 пәтерлі үйдің аяқталуына келе жатыр. Міне, үшінші 5 қабатты үйді 1 маусымда ғана бастадық. Қазіргі таңда 3 этажын бітіріп, 4 этажға көшіп жатырмыз. 28 желтоқсанда бітеді. Жаңа жылға дейін қоныстандырамыз ба деген жоспарымыз бар.
Қазір су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін облыста 331 үй салынып жатыр. Оның 165-і Атбасар ауданында, 115 үй, Бұланды ауданында бой көтерсе, Жарқайың ауданында 30, Есіл ауданында 21 баспана бой көтерді. Бұл құрылыс жұмыстарына 7,1 млрд теңге бөлінген.
Ал қалған қарашаға қазанға дейін 221 дайын баспана сатып алынады. Өңірдегі жағдаймен танысқан Өнеркәсіп және құрылыс министрі мәселені өз бақылауында ұстайтынын айтты.
Айя Мүтәлі