Өзбекстанда қарбыз бағасы рекордтық деңгейге дейін төмендеп кеткен. Шаруалар оны жинамай егіс басында қалдырып, кейбірі малға беріп жатыр. Орталық Азияның басқа да елдеріндегі диқандар бұл дақылға сұраныстың күрт азайғанын айтады.
«EastFruit» порталының хабарлауынша, Өзбекстан нарығында қарбыздың құны, оны өсіріп-баптау шығынын ақтамайды. Келісі небәрі 8 цент. Өнімді Ресейге экспорттау тиімсіз. Бұл бағаның құлдырауына әсер етіп отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік бойынша сарапшыларының сөзінше, Украина фермерлері биыл қарбызды көп өсірген. Сондықтан Еуроодақ елдері үшін қарбызды Өзбекстаннан гөрі, Украинадан сатып алған әлдеқайда тиімді.
Базаркүл Отыншиева