Геннадий Головкин мергендерді құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин мергендерді құттықтады

27.07.2024

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында Қазақстанға алғашқы медальді сыйлаған мергендер Ислам Сәтпаев пен Александр Лені құттықтады.

Құрметті Ислам және Александра! Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен жеке өз атымнан сіздерді Париж Олимпиадасындағы алғашқы медальді жеңіп алуларыңызбен құттықтаймын!

Сіздер жарыстың алғашқы күні-ақ жүлдеге қол жеткізіп, барша олимпиадалық құрамаға жігер бердіңіздер.

Қазақстан Атланта ойындарынан кейін алғаш рет нысана көздеуден Олимпиада тұғырына көтеріліп отыр. Сіздерге Олимпиада ойындарындағы жекелей сында сәттілік тілеймін», - делінген жазбада.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу