Алматыда палуандар бес кезең бойынша сынға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда палуандар бес кезең бойынша сынға түсті

27.07.2024

«Қажымұқан жолы» спорттық шарасы өтті. Жарысқа сайдың тасындай іріктелген 8 балуан қатысты. Олар көпшілік алдында бес кезең бойынша сынға түсті. Алғашқысында 60 пен 90 келі аралығындағы құм толы қапшықты жылдамдыққа көтерді. Содан соң 60 секунд ішінде 120 келілік тасты биіктігі 1 метрлік үстелдің үстіне қойып, жарысты. Келесі кезеңдерде темір тағаны тез майыстырып, салмағы 100 келіден асатын бөренені иыққа салып көтерді. Сайыс соңында балуандар белдесті.

Бауыржан Әбдіқайым, қатысушы:

Кезінде ата-бабамыз өгіз бен бұқа көтерді ғой. Сол жастарға мотивация болып, осындай жарыстарды үнемі ұйымдастырса, бізге керек іс-шара.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу