Атыраулықтар Париж Олимпиадасында дзюдодан өнер көрсетіп жатқан Абиба Абужақыноваға қолдау көрсетті. Жанкүйерлер спортшының алғашқы қимылынан-ақ жеңіс тұғырынан көрінетініне сенімді екендерін жеткізді. Айта өтейік, 48 келі салмақта өнер көрсеткен Абиба тайпейлік Чен Хао Линді соңғы секундтарда 0:1 есебімен жеңді. Осылайша жерлесіміз 1/4 финалға жолдама алды.
Гаухар Зарден, жанкүйер:
Абиба апамыздың жекпе-жегін тамашалауға келдік, қолдау көрсетуге. Аллаға шүкір, бүгін жеңіске жетті. Әрмен қарайда жеңіске жетуіне тілектеспіз. Тағы да келеміз қолдауға.
Абдурахим Қазықов, жанкүйер:
Жеңіске жеткеніне өте қуаныштымыз. Алға қарай жеңіске жете берсін. Олимпиада шыңын бағындырып жатқан аға-апаларымызға сәттілік тілейміз. Табыстан табысқа дами берсін.
Нұрсұлтан Нұрсейіт