Елордалықтар Олимпиададағы спортшыларымызды қашықтан қолдау білдіріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтар Олимпиададағы спортшыларымызды қашықтан қолдау білдіріп жатыр

27.07.2024

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімін астаналықтар ашық аспан астында тамашалады. Орталық саябақта жиылған 4 мыңдай адам осылайша Қазақстан спортшыларына қашықтан қолдау білдірді. Көрермендер Ұлттық теннис орталығы алдында орнатылған алып LED-экран маңында шоғырланды. Олимпиада ойындарының ресми ашылуының тікелей көрсетілімі басталғанға дейін отандық эстрада жұлдыздары ән айтты. Жиылған жұрт көңіл көтеріп, би биледі. Ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Әкімдіктің қолдауымен өткен дәл осындай іс-шара қаланың тағы бес жерінде ұйымдастырылғанын айта кетейік.

Ғазиза Жолдасбекова, көрермен:

Шымкенттен келгем қыдырып. Осы концертті көріп, тамашалап қайтып жатырмыз енді. Керемет осындай ұйымдастырып жатқандарыңа рахмет Қазақстанымыз өркейе берсін, көк байрағымыз биікке көтеріле берсін.


Хабарламаларға жазылу