Елдос Сметов жартылай финалда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдос Сметов жартылай финалда

27.07.2024

Екі дүркін Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов 60 келі салмақта әлем рейтингінің көшбасшысы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері тайпейлік Янг Ю Вейді ұтып, жартылай финалға шықты. Еске сала кетейік, 2022 жылы Ташкенттегі әлем чемпионатының жартылай финалында Елдос пен Янг күресіп, жеңіс қарсыласқа бұйырған еді. Ю Вей - былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. Біздің түсіру тобымыз Тараз қаласында Елдостың үйіне барып, әкесімен кездесіп, қуанышты бірге бөлісті. 

Хабарламаларға жазылу