Париж Олимпиадасы сәтті басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж Олимпиадасы сәтті басталды

27.07.2024

Алдымен сүйінші хабар! Ұлттық құрама үшін Париждегі XXXIII жазғы олимпиада сәтті басталды. Нысана көздеуден спортшыларымыз ел қоржынына алғашқы медальді салды. Дзюдошыларымыз да көзге түсті. Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова ерекшеленді. Франция астанасында өтіп жатқан жарыстардың ортасында жүрген тілшіміз Нұрсұлтан Тілектестің тікелей эфирге қосайық. 

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Ел қоржыны биылғы олимпиадада алғашқы медальмен толықты. Нысана көздеуден Ислам Сатпаев пен Александра Ле пневматикалық мылтықпен нысана көздеуден командалық жарыста Париж олимпипдасының қол жүлдегері атанды. Дзюдошыларымыз да қалысып жатқан жоқ. Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Париждегі жарыс жолын сәтті бастады. 60 келі салмақта күресетін балуан бірінші айналымда Нидерланд спортшысы Торнике Чкадуаменнен басым түсті. Нидерланд өкілі ереже бұзғаны үшін жерлесімізге есе жіберді. Айта кету керек, Токио олимпипдасында қос дзюдошы қола жүлде үшін белдесіп, Елдостың бағы жанған еді. Бірінші айналымнан сүрінбей өткен Сметов, екінші айналымда да жанкүйерлер үмітін ақтады. Ол Украина спортшысы Ділшот Халматовты «ваззари» әдісімен жеңіп, ширек финалға шықты.


Ал ширек финалда Елдос 60 келі салмақ дәрежесіндегә әлемдік рейтингтің көшбасшысы тайпейлік Янг Ю Вейді тізе бүктірді. Сөйтіп жартылай финалға жолдама алды. Енді ол испандыш балуан Гарригоспен бақ таласады. Дзюдодан әйелдер құрамасының мүшесі Әбиба Әбужақынова бірінші айналымда Израиль дзюдошысы Широ Ришормен белдесіп, ол да қарсыласын «ваззари» әдісімен жеңіп кетті. Ал, екінші айналымда бұрымды балуан төрткүл дүниеге өз шеберлігін паш етті. 48 келі салмақта күресетін жерлесіміз Қытайлық Тайпей өкілінің 17 секундта жауырнын жерге тигізді. Ал, келесі айналымда Әбиба Лаура Матинеске есе жіберіп алды. Енді ол жұбаныш белдесуінде күреседі.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу