Бүгін Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасынан кімдер бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасынан кімдер бақ сынайды

29.07.2024

Ал енді Париж олимпиадасында бүгін ел намысын қорғап, сынға түсетін спортшыларды рет-ретімен айтайық.

Әуелі семсерлесу бойынша Әйгерім Сарыбай жекелей сында сайысқа түседі. Садақ атудан Қазақстан командасы жарысқа шығады. Қарсылас - Италияның құрамасы. Татамидегі тартыс бүгін де қыза түспек. 73 келі салмақта Данияр Шамшиев жерлестердің дзюдодағы жүлделі жолын жалғайды деп сенеміз. Бадминтоннан Дмитрий Панарин топтық кезеңнен өтсе деген үміт бар. Қазақ елі спорт түрлері ішінде боксты ерекше асыға күтетінін білеміз. Өйткені, былғары қолғап шеберлеріміз мықты әрі тап осы бокстан үнемі медаль күтеміз, рас. Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шығады. Ендеше, Қазақстан және Қазспорт телеарналарынан дүбірлі доданы тікелей эфирде көріп, спортшыларымызға жанкүйер болайық.

29 шілде жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

Семсерлесу. Жекелей сын. Әйелдер. 1/8 финал

Әйгерім Сарыбай

Садақ ату. Командалық бәсеке. 1/8 финал

Қазақстан – Италия

 Дзюдо. Ерлер - 73 келі

Данияр Шамшаев

 Бадминтон. Ерлер. Топтық кезең

Дмитрий Панарин

 Бокс. Ерлер. +91 келі

Қамшыбек Қоңқабаев


Хабарламаларға жазылу