Джо Байден болашақ президенттердің иммунитетін шектемек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джо Байден болашақ президенттердің иммунитетін шектемек

29.07.2024

АҚШ президенті Джо Байден конституцияны өзгертіп, болашақ президенттердің иммунитетін шектемек. Сондай-ақ, Жоғарғы сотты реформалауды көздеп отыр. Ақ үй басшысы бұл жөнінде бүгін халыққа арнайы үндеу жолдамақ.

Джо Байденнің ондаған жылдар бойы өзгермеген конституцияны түзетуге ұмтылуына АҚШ Жоғарғы сотының экс-президент Доналд Трамптың президенттік иммунитетіне қатысты шығарған шешімі себеп. Жоғарғы сот жақында бұрынғы президент ел басқарған кездегі әрекеттері үшін қылмыстық қудалаудан ішінара иммунитеті бар деген ұйғарым жасаған. Бұл Доналд Трампқа қатысты көптеген қылмыстық істерді тоқтатуға әкелуі мүмкін.


Хабарламаларға жазылу