«Қазақстан темір жолы» мен жеке тасымалдаушыларға 10 млн теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан темір жолы» мен жеке тасымалдаушыларға 10 млн теңге айыппұл салынды

29.07.2024

 «Қазақстан темір жолы» мен жеке тасымалдаушыларға 10 млн теңге айыппұл салынды. Көлік министрлігі 20-дан аса жолаушылар пойызын тексеріп, 280-ден астам заңбұзушылықты анықтады. Дәлірегі, вагондардың ішкі және сыртқы келбеті нормаға сай емес, санитарлық талаптар бұзылған. Кей пойыздарда кондиционер жоқ. Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі жандарға тиісті жағдай жасалмаған. Заңбұзушылыққа барған компаниялар енді 10 күн ішінде бұл олқылықтың орнын толтыру керек.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу