Бурабайда квадроцикл аударылып, бір адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайда квадроцикл аударылып, бір адам көз жұмды

30.07.2024

263 АН-2 ұшағының 94-і ұшуға жарамды. Қалғанының сертификаты жоқ. Осылай деген Көлік министрі Марат Қарабаев, жеңіл моторлы әуе көліктерінің барлығын тексерістен өткізбекші. Бұған Алакөлде құлаған гидроплан мен Ақмола облысында өртке оранған АН-2 ұшағы себеп болған. Алакөлдегі дельтаплан әуеге көтерілуге рұқсаты болмағанын айтқан едік.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік Министрі:

Кез келген ұшатын аппаратқа бір жылдық немесе 3 жылға дейін ұшуға жарамды екені туралы сертификат беріледі. Сіз айтып отырған дельтаплан тіпті сертификат алмаған. Осыған байланысты әуе кемелері мен дельтаплан типтес ұшу аппараттарына, соның ішінде АН-2 ұшақтарына да кешенді тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды.

Бурабайда квадроцикл аударылып, бір адам көз жұмды

Бүгін тағы бір демалыс аймағында апат болды. Бурабай аудандық полиция бөлімінің дерегінше, курортқа демалуға барған 2 қыз квадроциклды жалға алып, аударылып қалды. Зардап шеккен екі қыз балаға медициналық көмек көрсетілгенімен, бірінің өмірін аман алып қала алмады. Қазір іс бойынша тергеу жүріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу