«Таза Қазақстан» акциясы аясында Абай облысындағы көлдің жағасы тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Абай облысындағы көлдің жағасы тазартылды

30.07.2024

Абай облысында туристер көп баратын Шошқалы тұзды көлі қоқыстан тазарды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Бесқарағай ауданы әкімдігінің қызметкерлері, тұрғындары «Бесқарағайдың інжу - маржанын сақтайық» деген ұранмен экологиялық шараға жұмыла атсалысты. Қатысушылардың сөзінше, Шошқалы көлінің емдік қасиеті бар. Сондықтан жыл өткен сайын оның жағасында демалушы көбейіп келеді. Бүгін көлдің жағасына қалдықтарды тастайтын жәшіктер қойылып, ластанған жерлер тазартылды.

Нұржан Ағыбаев, Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары:

Акция басталғалы біздің ауданымызда 120 іс-шара өтті. Бүгін біз көлдің басына жиналып отырмыз. Жиналып отырған себебіміз, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген халқымыз осы жерде демалады. Өйткені бұл көлдің бір емдік қасиеті бар. 

Сондай-ақ бүгін облыстағы Курчатов қаласы, Аягөз ауданы, Бородулиха ауылында да экоакция қарқынды жүрді. Қатысушылар 78 590 аула тазалап, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына 47 590 тонна қалдық шығарды.


Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу