Құлсары тұрғындарына 72 млрд теңгеге жуық өтемақы төленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құлсары тұрғындарына 72 млрд теңгеге жуық өтемақы төленді

30.07.2024

Тасқыннан зардап шеккен құлсарылықтарға 72 млрд теңгеге жуық өтемақы төленді. Аймақта келген шығын әлі есептеліп жатыр. 2650 тұрғын әкімдікпен келісімшартқа отырған. Комиссия шешімімен 1453 үй апатты деп танылды. Енді олар күзге дейін толықтай сүрілуі тиіс. Ал қаражатын алған 1180 азамат баспаналарын жөндеп жатыр. Енді қазір жауаптылар 17 өтінішті қайта қарауда.

Айкүн Мақсотова, Құлсары қаласының тұрғыны:

Үйімізге бағалау комиссиясы келді. Бір суманы айтып, біз келісіп, соны қолымызға берді. Алған ақшаға өзіміздің қалаған үйімізді алдық. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу