Каспий теңізінде шаяндар өліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий теңізінде шаяндар өліп жатыр

31.07.2024

Каспий теңізінде шаяндар жаппай қырылып қалған. Теңізде жиналып қалған өлі жәндіктерді тұрғындар байқаған. Олар жағадан 500 метрге таяу қашықтықта суда қалқып жатыр. Осы оқиғаға қатысты тәуелсіз экологтар «теңізге зиянды заттар төгілуі мүмкін» деген алдын ала болжам айтты. Ал экология департаментінің мамандары шаяндардың өлу себебін анықтау үшін судан сынамалар алды.

Аягөз Оралбайқызы

#шаян #каспий

Хабарламаларға жазылу