Атыраулық отбасы Парижге көлікпен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық отбасы Парижге көлікпен барды

31.07.2024

Атыраулық отбасы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімін көріп, спортшыларымызды қолдау үшін Парижге көлікпен барған. Ерік Шыныбеков жұбайымен және үш баласымен бірге Атыраудан шілденің 13-і жолға шығып, 25-і күні Парижге жетті. Олар бұл сапар барысында 15 мемлекеттен өтіп, 15 мың шақырымнан аса жол жүріп өткен. Бұл сапардың тағы бір маңызды мақсаты бар.

Ерік Шыныбеков, саяхатшы:

Өздеріңіз білесіздер, Астанада 8-13 қыркүйек арасында Дүниежүзілік көшпенділер ойыны болады. Мұны өзіміздің ОЛлимпиада десек те болады. Міне, осы оқиғаны өзім жүрген жерлерде адамдарға айтып, жариялап жүру менің – екінші мақсатым. 

Азамат Нұғыманов

#париж #олимпиада2024 #саяхат

Хабарламаларға жазылу