Конго мен Өзбекстан Республикасының басшылары Астанаға ресми сапармен келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конго мен Өзбекстан Республикасының басшылары Астанаға ресми сапармен келеді

31.07.2024

Тамыздың алғашқы он күндігінде Астанаға екі елдің президенттері келеді.

Осы аптада 2-3 тамыз күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоның Қазақстанға ресми сапары жоспарланған.

Ал 7-8 тамыз күндері Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапары болады. 9 тамыз күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі өтеді.


Асылбек Данияр

#саясат #президент #тоқаев

Хабарламаларға жазылу