Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында лай көшкінінен қаза тапқандар саны 165-ке жетті. Тағы көп адам жоғалып кеткен. Дегенмен мыңнан астам тұрғын құтқарылды. Мұнда кеше таудан көшкен лай мен тасқын су шай алқабы мен шағын мекендерді басып қалған.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұған бірнеше күн бойы толастамаған жаңбыр себеп болған. Нөсер жауын бүгін де жалғасуы мүмкін. Сондықтан іздеу-құтқару операциялары тағы да тежеледі деген болжам бар.
Арыстан Рысбек