Ақмола облысында этно-фестиваль өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында этно-фестиваль өтті

31.07.2024

Астананың іргесіндегі «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығында этно-фестиваль өтті. Археологтардың айтуынша, бұл жерде орта ғасырда өмір сүрген жауынгер арудың сүйегі табылған. Қабірден білезік, сырға, шашбау сынды әшекей бұйымдар шыққан. Мұндағы қорған байырғы заманда тайпалардың болғанын көрсетеді. Бұл іс-шаралар мен жобалар - туристерді тартудың бір жолы. Елордаға келетін демалушылар тек зәулім ғимараттарды көрумен шектелмей, тарихи орындарды да аралауға мүмкіндік туады, - дейді ұйымдастырушылар.

Айнагүл Ғаниева, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкері: 

«Бозоқ аруының көрікті шашбауы» деген іс шара өткізіліп, оған жүзден аса адам қатысуда. Қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, жазушылар суретшілер. Келешекте музей салынғанда, бірнеше күнге созылатын үлкен фестивальдер болады деп үміттенеміз.

Динара Жарқынбек

#тарих #этнофестиваль #ақмола

Хабарламаларға жазылу