Атырау облысында шабындықтар суға толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында шабындықтар суға толды

31.07.2024

Шөпке шалғы салған атыраулық шаруалар биыл олжалы болмақ. Көктемде арнасынан асқан Жем өзені Жылыой ауданындағы шабындықтарды суға толтырды. Соның арқасында ауданға қажетті 56 мың тонна қысқы мал азығының жартысына жуығы әзірленбек. Қазір 10 мың тоннадай шөп әзір. Жауаптылар жұмыстарды қазан айына дейін бітіреміз деп жоспарлап отыр.

Нұртас Қуатбаев - Аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Жалпы біздің ауданда шабындық алқап аз бұрыннан да. Оның үстіне су жоқ жылдары шабындыққа су шықпайды. Өзімізден 20 пайыздай ғана дайындалып жүрді. Басқа мал азығын көршілес облыстардан, көршілес аудандардан тасымалдаймыз. Биыл су жақсы шығуына байланысты 45 пайызына дейін аудан көлемінен дайындаймыз деп отырмыз. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу