Қызылордаға 468 тонна сұйытылған газ жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордаға 468 тонна сұйытылған газ жеткізілді

31.07.2024

Қызылорда облысындағы автогаз тапшылығына байланысты аймаққа 468 тонна қосымша сұйытылған газ бөлінді. Қазіргі таңда Атырау мұнай өңдеу зауытынан өңірге теміржолмен 8 цистерна шикізат жеткізілді.

Дегенмен, бұл мәселені түбегейлі шешпейді. Облысқа бір айда 9 мың тоннадай автогаз қажет, бірақ шілдеде бұл меже 7406 тоннаны құраған. Сол себепті, жанармай құю бекеттерінде тапшылық орын алды. Енді қалыптасқан жағдайға байланысты Энергетика министрлігінен қосымша сұйытылған отын бөлініп отыр. Қазір облыс қорында 870 тонна газ бар.

Бекболат Шәріпбек, Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы

Бүгінгі күннен бастап қордың барлығы жеткілікті болып тұр. Аймақ басшысы тікелей бақылауында. Сонымен қатар, басқа өңірлерде де газ тапшылығы болуына байланысты шекаралық аймақтарға бақылау бекеттері қойылып жатыр. Газды басқа облысқа шығармауға. 

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу