Астана маңындағы 550-ден астам елдімекен қоқыстан тазарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана маңындағы 550-ден астам елдімекен қоқыстан тазарды

31.07.2024

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Астана жанындағы Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылы маңында жалғасты. Екі мекенді байланыстыратын Сарқырама өзені жағасында демалушы көп. Жергілікті тұрғындар, белсенділер, жалпы 350-ге жуық қатысушы темір-терсек пен түрлі қалдыққа толған жағалауды жинап, қоқыс жәшіктерін қойды. Экологиялық шара басталғалы Ақмола облысында 550-ден астам елдімекен тазарып, 80 мыңға тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Әбілқайыр Айнабаев, Қосшы қаласының тұрғыны:

Сарқырама өзені деп алатады. Бұл өзі -  тарихи өзен. Тайтөбе мен Қосшы арасын бөліп жатқан. Әр жерге қоқыс жәшіктері қойылған, соның ішін тазартып, маңайда жиналғандарды салып, көп жұмыс атқардық. 

Ал Алматыда Экологиялық хабта ашық есік күні өтті. Қала тұрғындары пластикалық ыдыс, сусабындардың босаған құтысы мен шыны бөтелкелерді тапсырды. Сондай-ақ қоқысты қайта өңдеудің жолдарымен танысты. Ол үшін оқыту дәрістері, шеберлік сағаттары жүргізіліп, келушілер өз қолдарымен сөмке, хош иісті сабын, шырақ жасап көрді. Креативті кеңістік базасында ашылған бұл орталықта қоқысты қажет бұйымға айналдырып, өзімен әкету үшін арнайы құрылғылар сатып алынған. Жоба авторларының сөзінше, эко-хабтың негізгі мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілік мәдениетін дамыту, қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеуді насихаттау. Оған қоса жастардың бойына қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын сіңірсек дейді.

Мақсат Аманов, Алатау комьюнити орталығының жетекшісі:

Сегіз аудандағы комьюнити орталықтарда қабылдау пункттері болады. Әр адам келіп, пластик ыдыстарын, қоқыстарын қалдыра отыра, біз бәрін жинап, осы эко-хабқа өткіземіз. Ол осы жерде сұрыпталып, пайдалы дүние жасалады деген ойдамыз. 

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу