Қызылордада газ жарылды: Күйік шалған балалар Алматыға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада газ жарылды: Күйік шалған балалар Алматыға жеткізілді

01.08.2024

Қызылордадағы жеке тұрғын үйде газ жарылысынан зардап шеккен 4 баланың екеуі санавиациямен Алматыға жеткізілді. Жасөспірімдердің жағдайы әлі де ауыр. Денелерін 75 пайызға дейін күйік шалған. Ауыр халдегі жасөспірімдерге енді Алматы қаласындағы балалар және шұғыл медициналық көмек орталығының білікті дәрігерлері ем-дом жасайды. Бұл жағдай қазір Денсаулық сақтау министрінің тікелей бақылауында.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу