Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

01.08.2024

Қарағанды облысында «Қазақмыс» кәсіпорнынан металл ұрлаған топ ұсталды. Ұйымдасқан қылмысқа жұмысшыларымен бірге компанияның күзетшілерінің де қатысы болуы мүмкін. Осы іс бойынша облыстық Полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Заңсыз әрекет кесірінен кәсіпорынға келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

Тінту іс-шаралары барысында олардан атыс және травматикалық қару, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді. ІІМ қала құраушы кәсіпорындарда әрекет ететін қылмыстық топтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатыр.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу