Алматыда автокөлік иелері 4,5 млрд теңге салық төлемеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда автокөлік иелері 4,5 млрд теңге салық төлемеген

01.08.2024

Алматылық автокөлік иелері салық үшін 4,5 млрд теңге берешек. Қарызы барлардың қатарында қымбат маркалы Infinity, Mercedes Benz S 65, Cadillac Escalade сияқты көлік иелері бар. Мұны мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

Қалада жүргізілген арнайы рейдтік шаралар кезінде 71 көлік жүргізушісі жалпы сомасы 32 млн теңге төледі. Ал 21 автокөлік айыппұл тұрағына қамалды. Жеке сот орындаушыларының қаулысы шыққан борышкерлердің автомобильдері «Сергек» камераларының көмегімен анықталды.

Айдын Қайдаров, жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы:

Мемлекетке қарызы бар борышкерлердің автокөліктерін ұстап, егер қарызын төлемеген жағдайда айыппұл тұрағына қойылуда. Салық төлемдерін, айыппұлдарын уақытылы төлеп, мәжбүрлеп өндіру шараларына жеткізбесе екен дейміз.


Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу