Еліміздегі 16 аймақта ауа райына қатысты ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 16 аймақта ауа райына қатысты ескерту жарияланды

01.08.2024

Бүгін Астанада және еліміздің 16 облысында күнні ысуы мен дауылға қатысты ескерту жарияланды. Ақмола өңірінде қатты жел болады. Түс ауа күн ысып, 35 градусқа дейін жетеді. Астанада да күн ыстық болады. Алматы облысында жауын-шашын болады деген болжам бар. Қарағандыда күн райы 35 градусқа дейін ысиды. Павлодарда күн күркіреп, жаңбыр жауса, Абай облысында қатты ыстық болады. 38 градусқа дейін жетпек. Тағы да бірнеше аймақта күн райы күрт құбылып, қолайсыздық туындауы мүмкін.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу