Әлеуметтік саланы қаржыландыруға 14,5 трлн теңге бөлінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік саланы қаржыландыруға 14,5 трлн теңге бөлінген

01.08.2024

Биыл әлеуметтік саланы қаржыландыруға 14,5 трлн. теңге бөлінген. Бұл мемлекеттік бюджеттің 60 пайызы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова осылай деді. Оның сөзінше, бүгінде қаржының (шын мұқтаж жандарға) жетуі мен бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қолға алынған.

Сондай-ақ, ол Президентке білім беру, медициналық көмек сапасын арттыру, салынып жатқан әлеуметтік нысандар мен ауыл тұрғындарын қолдау шаралары бойынша мәлімет берді және әр отбасының цифрлық картасының қызметі туралы баяндады. Арнайы платформада тұрмысы төмен отбасыларға арналған ұтымды әрі тиімді көмек шаралары әзірленеді. Мемлекет басшысы қабылданған шаралардың маңызын атап өтіп, аталған ұсыныстарды қолдады. Сондай-ақ бұған дейін қолға алған бастамаларды жүйелі түрде жалғастыруды жүктеді.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу