Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

01.08.2024

Биыл алғаш рет елімізде тамыз айының бірінші жексенбісі көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өтеміз. Айтулы дата Президенттің Жарлығымен бекітіліп, ресми мәртебеге ие болған. Бүгін мереке қарсаңында ведомство басшысы - Марат Қарабаев сала өкілдерін құттықтап, үздік қызметкерлерді марапаттады. Сонымен бірге, бұрынғы министрлер мен саланың ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Министрлік өкілдерінің ақпаратынша, көлік саласында 670 мыңға жуық адам еңбек етеді. Ал ЖОО мен колледждерде 60 мыңға жуық студент білім алады. Көлік министрлігінің құрылғанына жарты жылдан асты.

Самат Камалов, «Bureau Veritas Marine Kazakhstan» компаниясының Бас директоры:

Бүгін мені министрліктегі әріптестерім марапаттады. Осы салада өзімнің үлесімді көріп шақырғаны үшін алғысым шексіз. Өте қуаныштымын. Осындай жұмысшыларды, өзінің үлесін қосып жатқан адамдардың бәріне осындай марапат беріп, ескеріліп жатқаны өте жақсы деп ойлаймын.

Бұдан бөлек, биыл 12 000 шақырым жол жөнделсе,1400 шақырым теміржолда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жолаушылар тасымалы бойынша да статистикаға тоқталсақ, тұрғындар тарапынан темір жол тасымалына сұраныс жоғары. Жылына шамамен 2 миллиондай адам пойыз қызметін пайдаланады. Одан кейінгі орында әуе тасымалы.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу