ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петиция бойынша нақты шешім 6 тамызда шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петиция бойынша нақты шешім 6 тамызда шығады

01.08.2024

Елордада ЛГБТ насихатына қарсы петиция бойынша соңғы отырыс өтті. Қоғамдық талқылау жиынына бірнеше министрлік өкілі, Парламент депутаттары, сарапшылар, БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Жиында тараптар өз ұстанымдарын білдірді. Нәтижесінде уәкілетті орган петицияны ішінара мақұлдау туралы шешім қабылдады. Яғни балалар аудиториясына сексуалды контент таратуға шектеулер енгізу қажеттілігі қарастырылып отыр. Сонымен қатар заңға сәйкес мемлекет баланы денсаулығына, адамгершілігіне және рухани дамуына зиян келтіретін насихат пен үгіттің кері әсерінен қорғауға міндетті. Министрлік ресми шешімді 6 тамызға дейін петиция авторына жолдайды.

Қайрат Қамбаров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің комитет төрағасы:

Петиция бойынша ішінара қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар жасөспірімдер мен балаларды жыныстық қатынасты насихаттау мен таратудан қорғау сақтау бөлігінде петицияны ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мәселені егжей-тегжейлі зерделеп оны реттеу бойынша тиімді тетіктерді пысықтау қажет.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу