Париж-2024: Жалпы медальдар кестесінде Қытай көш бастап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж-2024: Жалпы медальдар кестесінде Қытай көш бастап тұр

01.08.2024

Париж Олимпиадасында медаль санына тоқталайық. Көш бастап тұрған ел - Қытай. Аспан асты елінің қоржынында 11 алтын, 7 күміс, 3 қола. Франция екінші орынға жайғасты. 8 алтын, 10 күміс, 8 қола. Үздік үштікті Жапония түйіндеді. Жапондық спортшылар 8 алтын, 3 күміс, 4 қола иеленді. Ал Қазақстан құрамасы 17-ші орынға ығысты. Қоржында 1 алтын, 2 қола бар.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу