«Таза Қазақстан» науқаны жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таза Қазақстан» науқаны жалғасып жатыр

02.08.2024

Бүгін таңнан табиғат жанашылары Алматының іргесіндегі Іле ауданының аумағын тазалауға кірісті. Шараны эко белсенділер Ақсай ауылдық округіндегі көлге баратын жолдан бастады. «Таза жағалау» акциясына қоғамдық ұйымдар, белсенділер мен еріктілер әрі спортшылар мен әкімдік өкілдері де атсалысты. Олар түске дейін қураған шөптерді тырмалап, ағаштарды түгел ақтап үлгерді.
Нұрсұлтан Орынбасаров, «Алатау жастары» бірлестігінің төрағасы:
Бізде қазір жастар әр сенбі сайын осындай акцияларға қатысып жатырмыз. Қазір өздеріңіз жақсы білесіздер, көлге баратын уақыт. Жазғы кез. Соған орай өткен аптада өзімнің бастауыммен «Алатау» жастарының ұйымдастыруымен «Таза жағажай» атты акцияны ұйымдастырып, Қонаев қаласындағы барлық жағажайдың бойындағы қоқыстарды жинаған болатынбыз. Қазіргінің өзінде 100-ден аса жастар Алматы облысы Іле ауданының жастары атсалысып жатыр.
Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу