Астанада заңгер мамандар жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада заңгер мамандар жетіспейді

02.08.2024

Астанада заңгер жетіспейді. Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша департаментіне кәсіби кадр тапшы. Сондықтан құзырлы мекеме Ғылым және жоғарғы білім министрлігімен бірге «Елордаға жол» пилоттық жобасын іске қосты.

Жоба Шымкент қаласынан басталды. Мұхтар Әуезов атындағы университетте түлектерімен ашық диалог форматында кездесу өтті. Негізгі мақсат - заң мамандығы бойынша бітірген түлектерді елордалық соттарға мемлекеттік қызметке шақыру. Бұл – жастарға бас қалада еңбек жолын бастауға және судьялар корпусының кәсіби тәжірибесін үйренуге жол ашатын зор мүмкіндік. Енді астаналық мамандар өзге де өңірлерді аралап, түлектермен ашық форматта кездесу ұйымдастырады.


Хабарламаларға жазылу