Аида Балаева ЛГБТ-ға қарсы петицияға пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аида Балаева ЛГБТ-ға қарсы петицияға пікір білдірді

02.08.2024

Баланы дәстүрлі емес жыныстық қатынасты культ жасаудан қорғау өзекті. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петицияның шешімі туралы бейнеүндеу жасады.

«Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұстанымы – кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан петицияны ішінара қолдау. Балаларға жыныстық қол сұғуға қарсы қылмыстардың өсуі аясында жасөспірімдер мен балаларды жыныстық қатынастарды, оның ішінде, дәстүрлі емес қатынастарды насихаттау мен культ жасаудан қорғау талабы өзекті. Балалардың қауіпсіздік ақпараттық ортада дамуы аса маңызды. Біздің ұрпақ алдындағы парызымыз – оларға дұрыс рухани адамгершілік бағыт-бағдар беріп, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды бойына сіңіру. Сондай-ақ ұлттық мәдени-мұраны ұстанып, генетикалық кодты сақтауға жағдай жасау өте өзекті», - деп қорытындылады.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу