Астанада шахматтан әлемдік деңгейдегі чемпионат өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада шахматтан әлемдік деңгейдегі чемпионат өтіп жатыр

03.08.2024

Астанада шахматтан әлемдік деңгейдегі чемпионат өтіп жатыр. Жалпы рейтингте көш бастап тұрған Магнус Карлсен мен Хоу Ифань есімді танымал ойыншылар бақ сынауда. Командалық жарыста Моңғолия, Қытай елдерінің шахматшылары сайысты. Алда әлі 7 ойын бар.

Жарысқа барлығы 39 команда, 315 ойынша қатысып жатыр. Турнирдің жүлде қоры - 350 мың еуро. Рапид бойынша сайыс қорытындысы тамыздың 4-де, ал блиц бойынша тамыздың 6-сы күні мәлім болады. Мұндай ауқымды турнир өткізудегі мақсат - Қазақстанда шахмат мәдениетін дамыту, - дейді ұйымдастырушылар.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу