Астанада рапидтен Әлем чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада рапидтен Әлем чемпионаты аяқталды

05.08.2024

Астанада өтіп жатқан шахматтың рапид түрі бойынша командалық жарыста Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды. Біріккен Араб Әмірліктерінің «Al-Ain ACMG» командасы рапидтен чемпион атанды. Қытайдың «Decade China Team» командасына күміс бұйырды. Ал әлеммнің бірнеше дүркін чемпиондары жиналған «WR Chess Team» командасы қоланы қанағат тұтты. Жалпы 12 раундтан тұратын интеллектуалды ойынға барлығы қырыққа жуық команда қатысты. Олардың ішінде қазақстандық 19 команда бар. Соның бірі – «Kazchess Team». Гүлмира Дәулетова бастаған топ турнир кестенің 10 сатысына жайғасты. Айта кетейік, бүгін шахматтың блиц түрі бойынша командалық әлем біріншілігінің чемпиондары анықталады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 350 000 еуро.

Пархама Магсудлу, «Al-Ain ACMG UAE» командасының ойыншысы:

Ойын жалпы оңай болған жоқ. Өте тартысты өтті, командалардың ешқайсысы осал емес. Алайда тұтас команда болып, иық тіресе отырып, жеңіп шықтық. Команда фантастикалық ойын өрнегін көрсетті. Біз үшін ең ыңғайсыз команда «WR Chess Team» болды. Қарсыластарды жеңген соң, иығымыздан ауыр жүк түскендей болып, басқа командалармен сәтті ойнап шықтық. Жеңіп алған ақшамызды өзара теңдей бөліп аламыз. Мен үшін қаражат емес, шахмат бірінші орында. Ал жеңісімді Иранға жеткен соң жолдасыммен атап өтемін.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу