«Самұрық-Қазына» қорының кірісі 7,9 трлн теңгеге жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» қорының кірісі 7,9 трлн теңгеге жеткен

05.08.2024

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы табыс жоспарын артығымен орындап жатыр. Мемлекет басшысының қабылдауында болған басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов осылай деді. Қордың кірісі 7,9 трлн теңгеге жеткен. Бұл жоспардан 7 пайызға көп. Қазір «Самұрық-Қазына» экономиканың барлық секторына шетелдік серіктестерімен бірлесіп инвестиция құяды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы инвестициялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Қор жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырма берді.

Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы:

«Самұрық-Қазына» қорының жарты жылдықтың нәтижелері туралы баяндадым. Барлық көрсеткіштер жоспарларымызға сай немесе одан артық. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазынаның» инвестициялық портфелінде құны 53,5 трлн теңгеден асатын 130-дан астам ірі инвестициялық жоба бар.


Хабарламаларға жазылу