32 су нысаны мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

32 су нысаны мемлекетке қайтарылды

05.08.2024

Жыл басталғалы 32 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 31 суару каналы мен 1 бөгет бар. Оның барлығы Жамбыл облысында орналасқан. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Хабарламада қазір еліміздің басқа өңірлеріндегі су шаруашылығы нысандарын республикалық меншікке қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқаны жазылған. Сондай-ақ министрліктің су инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмысты бастағанын да көрсеткен. 2030 жылға дейін 44 су қоймасын салу, 76 гидротехникалық құрылысты, 5321 шақырымнан асатын ирригациялық жүйені қайта жаңарту жоспарланған. Бұдан бөлек 3230-тік дренажды ұңғыма бұрғылау көзделген. Және 114 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіпті.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу