БҚО-дағы қос ауданда төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-дағы қос ауданда төтенше жағдай жарияланды

05.08.2024

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарындағы шаруалар қуаңшылық пен қаптаған киіктің кесірінен мал азығын дайындай алмай отыр. Өзекті мәселені талқылауға Парламенті Сенатының депутаты Арман Өтеғұлов, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан арнайы келді. Аталған аудандарда соңғы 3 айдан бері жарытып жаңбыр жаумаған. Салдарынан даладағы шөп күйіп кеткен. Ал қалған көкті, саны 2 млн-ға жеткен киік отап жатыр. Шарасыз шаруалар ірі қараны сатуға мәжбүр. Осыған орай Жәнібек, Бөкей Ордасы және ішінара Жаңақала мен Қазталов аудандарында жергілікті маңыздағы төтенше жағдай жарияланды.

Арман Өтеғұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Жәнібек, Бөкей ордасы, Қазталов, Жаңақала аудандарының шаруаларына табиғи шөпке субсидия беру жөнінде. Содан кейін перевозкіге. 300-400 шақырым жерге. Әрбір шаруашылықты қоршауға 50 пайыз субсидия береміз деген министрдің өзінің аузынан естідім. Сол бойынша қазір жұмыстарын жасап жатыр. 


Хабарламаларға жазылу