Бангладеште Премьер-министр елден кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладеште Премьер-министр елден кетті

05.08.2024

Бангладеште жағдай ушықты. Ел үкіметін 15 жыл басқарған Премьер-министр Шейх Хасина тікұшақпен көрші жатқан Үндістанға кеткен. Армия 76 жастағы саясаткердің отставкаға кеткенін растады. Әрі уақытша үкімет құрылатынын мәлімдеді. Ел астанасы Даккада бүгін мыңдаған адам Премьер-министрдің резиденциясына басып кіріп, ішін талқандаған. Бангладеште студенттердің жаппай шеруі шілдеде басталды. Содан бері тәртіпсіздіктерден 280-нен астам адам қаза тапқан. Студенттер мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасуға арналған квоталарды алып тастауды талап еткен еді. Кейін демонстрация Премьер-министрді қызметтен кетіру науқанына ұласқан.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу