Қазақстанда жоғары білім алуға пайызсыз несие беріледі. Пилоттық режимде іске қосылатын жоба Қаржы орталығы арқылы жүзеге асырылады. Пайызсыз несиеге үміткерлер 3 критерий бойынша қарастырылады. Болашақ студент ішінара грант иегері болуы шарт. Ондай игілікке ілікпеген болса, үміткердің тұрақты табыс көзі бар жақыны кепілгер ретінде ұсынуы тиіс.
Алайда бұл мүмкіндіктің ата-ана қамқорынсыз қалған балалар санатына жататын азаматтарға қолданылмайтынын ескерте кетейік. Я болмаса, пайызсыз несиеге үміткердің мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінде салымы не сақтандыру шарты болуы керек. Несиеге өтініштерді қабылдау туралы ақпарат алдағы уақытта «Қаржы орталығының» сайтында жарияланады.
Қаракөз Нұрмағанбет