Астанада өзбек өнерінің көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада өзбек өнерінің көрмесі ашылды

06.08.2024

Астанада өзбек өнерінің көрмесі ашылды. Ұлттық музейде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Өзбекстанның бейнелеу және қолданбалы өнер көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл көрмеде өзбек суретшілерінің соңғы онжылдықтағы үздік туындылары қойылған. Сондай-ақ заманауи кескіндеме кілемдері мен қолөнер бұйымдары ұсынылды. Экспозицияға барлығы 80-ге жуық картина және 100-ден астам сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған. Көрме 8 тамызға дейін жалғасады.

Акмаль Нуридинов, Өзбекстан өнер академиясының төрағасы:

Соңғы жылдары Өзбекстанның өнері жаңа биіктерге көтерілді. Біз Қазақстандағы өнерсүйер қауымды қызықтыратын өзбек суретшілерінің жұмыстарын әкелдік. Қазақстанмен үнемі ортақ жобалар жүргізіп отырамыз. Жалпы екі елдің өнері ұқсас, өйткені түпкі тамырымыз бір.

Сембіғали Смағұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші:

Бүгін елімізде сондай үлкен оқиға болып жатыр. Мәдени өмірімізде астанамызда өзбек бауырлар, менің коллегаларым өздерінің суреттерін алып келіп жатыр ұлттық музейге. Өзбекстанда суретшілердің жағдайы өте биік деңгейге қойылған.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу