Астанада күніне 10 мың адамға қоңырау шалған алаяқтық топ ұсталды. Қала прокуратурасының дерегінше, әлеуметтік желі, электронды мессенджерлердегі аккаунттар заңсыз іске қосылған SIM қораптар анықталды. Абоненттік нөмірлерді ауыстыруға және географиялық орынды өзгертуге арналған құрылғылар тәркіленді. Жалпы бұл жабдықтар арқылы олар бір мезетте ондаған адамға қоңырау шалып және жүздеген хабарлама жіберген. Қазіргі уақытта зардап шеккендер анықталуда. Мамандар алаяқтың құрбаны болмау үшін үшінші тұлғаға жеке деректерді немесе банк шоттарын беруден бас тарту керектігін ескертеді.
Динара Жарқынбек