Баспананы жалға алу құны өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспананы жалға алу құны өсті

06.08.2024

Елімізде пәтерді жалға алу бағасы көтерілді. Сарапшылардың пікірінше бұл маусымдық құбылыс. Баға өткен аймен салыстырғанда 3,6%-ға өскен. Қымбатшылық әсіресе, Орал, Астана, Алматы, Ақтау, Қонаев және Көкшетау қалаларында байқалады. Соңғы бір айда бұл қалаларда баға 5-7 пайызға көтерілген. Қазір елордадан бір бөлмелі пәтерді 110 мыңнан 160 мың теңге аралығында жалға алуға болады. Ал Алматыда баға 160 мың теңгеден басталады.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу