Атом электр станциясын салу үшін жетекші елдер су реакторын қолдануды ұсынып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атом электр станциясын салу үшін жетекші елдер су реакторын қолдануды ұсынып отыр

06.08.2024

Атом электр станциясын салу үшін жетекші елдер су реакторын қолдануды ұсынып отыр. Яғни ондағы жылуды тасымалдауға кәдімгі су қолданылады. Мұндай реактор Алматыдағы ядролық физикалық институтта бар. 57 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырған қондырғының жұмысымен Айдана Қуантхан танысып қайтты.

Мынау 1967 жылдан бері жұмыс істеп тұрған зерттеу су реакторы. Алматыдан 25 шақырым жерде. Болашаққа жоспарланып отырған реактор осы типтес. Қарапайым айтқанда, бірінші контурда су болса, екінші контурда сол судың ыстығын алып, бу генераторда пайдаланады. Сол жерден электр энергиясы өндіріледі. Осы уақытқа дейін бірде-бір ақау болған емес, - дейді мамандар.

Айдана Қуантхан, тілші:

Бұл реактордан түскен шикізатты сәулелендіретін, өңдейтін және талдайтын кешен. Кешенде 5 камера жұмыс істейді. Мысалы, мына камерада тәулігіне 30 мл йод өндіріледі. Мұндағы мамандар осындай құрылғылармен жұмыс істейді.

Кешенде 105 адам бар. Олардың барлығы осы саланы терең меңгерген мамандар.

Саябек Сахиев, ҚР Энергетика министрлігі ядролық физика институтының бас директоры:

 2035 жылға дейін қанша кадр керек, сонша дайындап береміз.

Су реакторы - ең қауіпсіз қондырғы. Оның ядролық бірнеше ішкі қорғаныс жүйесі бар. Белсенді аймақты суыту жүйесінде апат болған жағдайда, бірден автоматты түрде іске қосылады.

Нұрлан Сүгіржанов, ҚР Энергетика министрлігі ядролық физика институтының инженері:

Мұндағы әр камераның өзінің атқаратын функциясы бар. Осы жерден өңдеп, реакторға жібереміз. Камераның арғы бетіндегі сәуле мұнда өтпейді. Қорғаныш қабаты мықты. 8 қабатты хрусталь әйнектен жасалған.

Ал атом электр станциясы салынатын болса, одан алынатын энергияның үлесін арттыра беру керек. Сәйкесінше екі-ақ реактормен шектелмей, басқа да ядро қондырғыларын орнатқанымыз дұрыс, - дейді институт директоры.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу