Әмір Маймұратов Олимпиада ойындарының рекордын жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әмір Маймұратов Олимпиада ойындарының рекордын жаңартты

06.08.2024

Жерлесіміз Олимпиада ойындарының рекордын жаңартты. Құзға өрмелеу спортының іріктеу кезеңінде сынған түскен Әмір Маймұратов 4,89 секундта биікті бағындырды. Грек-рим күресінен де балуанымыз жартылай финалда. 
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
«Өрмекші адам». Жерлесіміз Әмір Маймұратовқа желі қолданушылары осындай лақап ат ойлап тапты. Өйткені ол құзға өрмелеуден Париж Олимпиадасында рекорд жаңартты. Жерлесіміз іріктеу сайысында 4,89 секунд нәтиже көрсетіп, ширек финалға шықты. Әмір осы спорт түрінен Олимпиадаға қатысып жатқан жалғыз қазақстандық спортшы. Ол бұған дейінгі Әлем чемпионатында 26-шы, ал Азия ойындарында жетінші орынға ие болған.
Грек-рим күресінен 77 келі салмақта боз кілемге шыққан балуанымыз Демеу Жадыраев жартылай финалға жолдама алды. Жерлесіміз ширек финалда екі дүркін Әлем чемпионын, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовтан басым түсті. Енді ол ақтық сынға шығу үшін әзербайжандық балуанмен белдеседі. 

Бүгін Каноэде 500 метрге ескек есуде Мария Бровкова мен Руфина Искакова жұбы ширек финалдан аса алмады. Олар өз тобында мәреге төртінші жетті. Сондай ерлер арасында каноэде 500 метрге ескек есуден Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров та жартылай финалға шыға алмады. Байдаркадан ерлен командасы да жарысты аяқтады. Айта кету керек, бүгін Қазақстан уақытымен әйелдер боксынан 50 келі салмақта Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады. 

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу