Қазақстандық таеквондошылар Олимпиада ойындарындағы жарысты бүгін бастайды. Таеквондо спортынан ел намысын 58 келі салмақта Самирхон Абабакиров қорғайды. Байдарка мен каноэде ескек есуден ерлер арасындағы жекелей сында Бекарыс Раматулла мен Сергей Емельянов шығады.
Грек-рим күресінің палуандары арасынан Нұрсұлтан Тұрсынов 87 келі салмақ дәрежесі бойынша іріктеу белдесуінде бақ сынайды. Нұрсұлтанның алғашқы қарсыласы - мысырлық балуан Мохамед Метвалли. Ал бокстан 80 келі салмақ дәрежесінің финалында Нұрбек Оралбай украиналық Олександр Хижнякпен қолғап түйістіреді. 77 келі салмақ дәрежесінің финалында палуан Демеу Жадыраев жапониялық Нао Кусакамен белдеседі. Тікелей эфир сағат 21:10-да Ұлттық арнада көрсетіледі. Сонымен қатар велотректен Андрей Чугай да бүгін жарыс жолына шығады.
Жандос Темірғали