Сыртқы істер министрлігі Бангладешке бармауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы істер министрлігі Бангладешке бармауға шақырды

07.08.2024

Қазақстаның Сыртқы істер министрлігі, отандастарымызды Бангледешке бармауға шақырды. Өйткені бұл елде тәртіпсіздіктер болып жатыр. Қазір ел астанасы Дакка көшелерінде жолдағы көлік қозғалысын студенттер реттеп жүр. Бұған тәртіп сақшыларының ереуіл жариялауы себеп. Елді 15 жыл басқарған премьер-министр қызметінен кетті. Ол Үндістанды паналады.

Осыдан соң Бангладеште полиция қызметкерлеріне шабуыл жиілеген. Ал полиция қызметі қауымдастығының мәлімдеуінше, әр қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпейінше, ереуіл жалғаса береді. Олар билік офицерлерді демонстранттарға оқ атуға мәжбүрледі деп мәлімдеді. Елде жұмысқа орналасуға арналған квота жүйесіне қарсы студенттердің шеруі өткен айда басталды. Полициямен қақтығыста 300-ден астам адам қаза тапқан. Демонстранттардың талабымен премьер-министр қызметтен кетіп, парламент таратылды. 

 Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу