Астанада Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған INESS-2024 наноматериалдар және энергия сақтаудың озық жүйелеріне арналған конференция өтті. Оған Жапония, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Ұлыбритания және Тайвань елінен ғалымдар мен зерттеушілер келді. Қуат көзін сақтаудың балама жүйелері, жаңартылатын энергия көздері, экология және тұрақты даму сияқты маңызды салалардағы технологиялық жетістіктердің мәселелері мен келешегі сөз болды. Жасыл энергетика мен көліктегі прогресті анықтайтын озық зерттеулерге айрықша тоқталды. Бұл бағыттағы жаңашылдықтар келешекте тек қуат көзін үнемдеп қана қоймай, өндірістің өзіндік құнын төмендету және экологиялық тұрақтылыққа әкелуі мүмкін.
Алмагүл Ментбаева, Назарбаев университетінің инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры:
Көбіне аккумуляторлар бағытында әлемде Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай өндіріс бойынша алдыңғы қатарда. Келген ғалымдар өз лабораториясында соңғы жетістіктерімен бөліседі.
Динара Жарқынбек